fbpx

KZ

Қырғыз Республикасының аумағында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары 2022 жылғы 21 шілдеде жол-көлік оқиғасына тап болды.

Жедел медициналық жәрдем бригадасы жақын маңдағы аудандық ауруханаға жеткізілді, содан кейін Бішкек қаласының Жедел жәрдем клиникалық ауруханасына ауыстырылды.

Бірінші пациентке бірлескен жарақат, омыртқалардың сынуы диагнозы қойылған. Клиникалық ауруханада емделгеннен кейін неврологиялық орталыққа ауыстырылды, жарақатына байланысты қозғалыста шектелген.

Екінші пациент ауыр омыртқа-жұлын жарақатымен политравма хирургия бөлімшесінде емделді, операциялар жасалды. Тұрақты оттегі қолдауында.

Белгіленген рәсімдер шеңберінде авиакөлікте тасымалдауда жәрдем көрсету туралы пациенттің келіп түскен өтініші негізінде пациенттерді, бір отбасы мүшелерін медициналық авиация желісі бойынша Отанына тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды.

12 тамызда пациенттерді Бішкектен Нұр-сұлтанға тасымалдау болды. Пациенттерді одан әрі емдеу және оңалту үшін елордалық клиникаға емдеуге жатқызылды.

Тасымалдауға Қырғыз Республикасындағы ҚР Елшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен сыртқы істер министрлігі ықпал етті.

FaLang translation system by Faboba