fbpx

KZ

Бала жедел медициналық жәрдем бригадасымен 2022 жылғы 30 шілдеде Маңғыстау көпбейінді балалар ауруханасына ауыр халде жеткізілді, реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Жүргізілген зерттеп-қараулардан кейін балаға жедел бүйрек жеткіліксіздігі, ішек инфекциясы аясында дамыған гемолитикалық-уремиялық синдром диагнозы қойылды.

Елордалық Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлерімен консультация өткізілді.

Баланың өте ауыр жай-күйін, бүйрек функциясының бұзылуына, несептің болмауына байланысты ісінудің артуын, гемодиализ жүргізу мүмкіндігінің болмауына байланысты назарға ала отырып, пациентті өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық авиация желісі арқылы шұғыл түрде елорданың клиникасына тасымалдау туралы шешім қабылданды.

4 тамызда бала ҰШМҮО тәжірибелі дәрігерлердің сүйемелдеуімен алғашқы, бірақ өте маңызды ұшуын жасады және Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының Нефрология бөліміне жеткізілді, онда оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba