fbpx

KZ
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы қайнаған сумен дене бетінің 40%-ын – бет, мойын, екі қол, сол жақ жамбастың алдыңғы бетін, термиялық күйік шалған 2019 жылы туған баланы Амангелді ауылынан тасымалдады. Анасының айтуынша, жедел медициналық жәрдем станциясына жүгінгенге дейін 30 минут бұрын жарақат алған.

2020 жылғы 13 тамызда 21 сағат 35 минутта бала Амангелді аудандық ауруханасының қабылдау бөлмесіне жеткізілді. Науқастың жай-күйінің ауырлығын ескере отырып, пациентті автокөлік, темір жол көлігімен жеткізуге мүмкіндік бермейтін қашықтықтың алыстығын назарға ала отырып, зардап шегушіні Қостанай қаласына тасымалдау үшін санитариялық авиация күштерін тарту туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылдың 14 тамызында сағат 16.45-те балалар реаниматологы дәрігерінің алып жүруімен пациентті мамандандырылған тексеру және емдеу үшін Қостанай қаласының Облыстық балалар ауруханасына сәтті әуе тасымалдау жасалынды.

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мәліметтеріне сәйкес 6 ай ішінде жарақаттары бар 230 пациент, оның ішінде 34-і күйік шалған, оның 26-сы балалар тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba