fbpx

KZ

Медициналық авиация бортымен пациенттерді авиациялық тасымалдау – бұл ауыр жай-күйдегі пациенттерді барынша жылдам, сенімді және қауіпсіз тасымалдау, пациенттің өміріне қауіп төнген және оған әр минут қымбат болған жағдайда өзекті. Мұндай пациенттерге ұшу кезінде де, жер бетінде де тұрақты кәсіби медициналық көмек және тіршілікті қамтамасыз ету функцияларын үнемі бақылау қажет.

Мұндай ұшу 2022 жылғы 17 шілдеде Сеулден Өскеменге жүзеге асырылды.

16 маусымда Кореядағы ер адам Сеул қаласындағы клиникаға ауыр жай-күйде түсті. Қазіргі уақытта ер адам комада, өкпені жасанды желдету аппаратында.

Пациенттің зайыбының Кореядағы Қазақстан Республикасының азаматы - күйеуін әуе көлігімен тасымалдауға жәрдем көрсету туралы келіп түскен сұрау салуы негізінде белгіленген рәсімдер шеңберінде пациентті медициналық авиация желісі бойынша отанына тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселе қаралды.

Пациент медициналық авиация күшімен Өскемен қаласының облыстық ауруханасына жеткізілді.

Тасымалдауға Қазақстан Республикасының Кореядағы Елшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі ықпал етті.

FaLang translation system by Faboba