fbpx

KZ

Атасу ауылындағы Жаңаарқа аудандық орталық ауруханасына ІІІА дәрежелі 80-89% термиялық күйік алған 3 жасар бала келіп түсті.

Тұрмыстық жағдайда жарақат алған. Қарап-тексеру және зерттеп-қараудан кейін бала хирургиялық бөлімнің қарқынды терапия палатасына емдеуге жатқызылды. Дененің интоксикациясы мен ауырсынуына байланысты жалпы жай-күйі өте ауыр. Телефон арқылы консультация жүргізілді, облыстық медицина мамандары пациентті бейінді бөлімшеге ықтимал тасымалдау мақсатында медициналық авиация желісі бойынша ауыстыру ұсынылды.

2022 жылғы 19 маусымда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы Атасу ауылына келді. Жүргізілген қарап-тексеруден кейін бала мамандандырылған көмек алу үшін Қарағанды қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba