fbpx

KZ

2022 жылғы 17 маусымда медицина қызметкерлері күні қарсаңында Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында медицина қызметкерлерін келе жатқан мерекемен салтанатты құттықтау өтті.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі атынан көп жылғы адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін Орталық қызметкерлеріне «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілері, «Еңбек ардагері» медальдары және «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хат» құрмет грамоталары табыс етілді.

Сонымен қатар, Орталық басшылығы жауапкершілігі, еңбекқорлығы және жұмысына деген сүйіспеншілігі ерекшеленген қызметкерлерді «Құрмет грамоталарымен» марапаттады.

Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы да дәрігерлерді назардан тыс қалдырмады, «Үздік қызметкер» төсбелгісін табыстады.

«AQNIET» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағына сіңірген ерекше еңбегі үшін лайықты қызметкерлер «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Денсаулық сақтау қызметкерлері арасындағы спартакиадаға және кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі мен белсенді қатысқаны үшін Орталық спортшыларына грамоталар табысталды.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

FaLang translation system by Faboba