fbpx

KZ

Жедел медициналық жәрдем бригадасы II-III AB дәрежелі термиялық күйік алған 70-79% 4 жастағы баланы Қызылорда қаласындағы Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізді.

Қарап-тексеру мен зерттеп-қараудан кейін бала реанимация және анестезиология бөліміне емдеуге жатқызылды. Жалпы жай-күйі өте ауыр. Нұр-Сұлтан қаласының № 2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасының комбустиологы қатысуымен телеконсультация өткізілді.

Пациент жай-күйінің ауырлығын ескере отырып, 2022 жылғы 9 маусымда ҰШМҮО медициналық авиация бортымен Нұр-Сұлтан қаласының № 2 қалалық көпбейінді балалар ауруханасынан Қызылорда қаласының Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына мамандар тасымалданды және осы күні теріні ауыстыру (аутодермапластика) бойынша өмірлік қажетті операция жасалды.

FaLang translation system by Faboba