fbpx

KZ

Жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күні (World Blood Donor Day) атап өтіледі.

 2005 жылғы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы кезінде әлем елдерінің денсаулық сақтау министрлері ерікті қан донорлығына бейілділік пен қолдау көрсету туралы мәлімдемені бірауыздан қабылдады. WHA58.13 қарарында олар жыл сайын 14 маусымда Дүниежүзілік қан доноры күнін өткізуге шешім қабылдады, ол күн австриялық дәрігер және иммунолог, адамның қан топтарын ашқан Нобель сыйлығының лауреаты — Карл Ландштейнердің (1868-1943) туған күніне арналған болатын.

 Дүниежүзілік қан доноры күні – ерікті түрде қан тапсырушы донорлардың құрметіне атап өтілетін ерекше күн. Бұл іс-шараның мақсаты – қауіпсіз қан мен оның өнімдерінің қажеттілігі туралы хабардарлықты арттыру және әрине, адам өмірін сақтау үшін өз қанын ерікті түрде және ақысыз қан тапсырушы донорларға алғыс білдіру.

 Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы барлығын Дүниежүзілік қан доноры күнімен, жанқиярлық пен адамзатқа деген махаббат мерекесімен құттықтайды!

FaLang translation system by Faboba