fbpx

KZ

Санкт-Петербург қаласында 9-10 маусымда академик И.П. Павлов атындағы Бірінші Санкт-Петербург мемлекеттік медицина университетінің 125 жылдығына арналған «Жедел медициналық көмек – 2022» 21-ші Бүкілресейлік конгресс – халықаралық қатысуымен бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция өтуде.

Конференция шеңберінде Еуро-Азиялық шұғыл медицина қауымдастығының (EurASEM) 2-ші конгресі өткізіледі.

Конференция қашықтан технологияларды, оның ішінде нақты уақыт режимінде онлайн-трансляцияны пайдалана отырып, бетпе-бет-сырттай форматта өткізілуде.

Кездесудің негізгі тақырыптары шұғыл медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру, сондай-ақ әртүрлі елдердің медицина қызметкерлері арасында тәжірибе алмасу мәселелері болып табылады.

Пленарлық отырыс шеңберінде Қазақстан атынан 9 маусым күні Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма төрағасы А.Баянбаев сөз сөйледі. Арман Сейітқанұлы өз баяндамасында Қазақстан Республикасында жедел медициналық жәрдемнің жетілдірілуі туралы айтып, конференцияға қатысушыларды 2021 жылы қызметтің жұмыс істеу көрсеткіштерімен таныстырды.

Конференцияға Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстары мен Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары мен жедел медициналық жәрдем станцияларының бас дәрігерлері қатысты.

Іс-шара тиімді коммуникациялық алаң болып табылады, соның арқасында ғылыми байланыстар нығайып, тәжірибелі дәрігерлер, ғалымдар мен денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар арасындағы халықаралық тәжірибе алмасу өтуде.

FaLang translation system by Faboba