fbpx

KZ

2022 жылдың 16 мамырында Жетісу ауданы Асықата аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне бас ауруына, жүрек айнуына, құсуына шағымданған қыз бала жеткізілді. Алып жүрушілердің айтуынша, бала кіреберістен құлап, басын цементке ұрып алған. Стационарға емдеуге жатқызғаннан кейін балаға операция жасалынды.

Аудандық ауруханада балалар нейрохирургінің жоқтығын, ауданның облыс орталығынан алшақтығын назарға ала отырып, аудандық дәрігерлер облыстық деңгейге тасымалдау мүмкін пациентті одан әрі емдеу тактикасы мәселесін шешу үшін медициналық авиацияның мобильдік бригадасын өзіне шақыру туралы шешім қабылдады.

19 мамырда баланы балалар нейрохирургі мен реаниматологтің алып жүруімен Шымкент қаласының облыстық балалар ауруханасына медициналық авиация бортымен тасымалдады.

 

FaLang translation system by Faboba