fbpx

KZ

2022 жылғы 8 мамырда Атбасар көпбейінді ауданаралық ауруханасына жедел медициналық жәрдем бригадасы баланы жеткізді. Анасының айтуынша сірке қышқылын ішіп қойған. Баланың жай-күйі ауырсыну синдромына байланысты ауыр, денсаулығы бұзылған, ауыз қуысы қызарған.

Дәрігерлер балаға жұтқыншақтың химиялық күйігі диагнозын қойды. Бала реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Аудандық ауруханада балалар реаниматологының жоқтығын, одан әрі мамандандырылған ем жүргізу қажеттілігін назарға ала отырып, 12 мамырда сәби реаниматологтың алып жүруімен медициналық авиация бортымен Ақмола облысының облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba