fbpx

KZ

26 сәуірде жедел медициналық жәрдем бригадасы жол-көлік оқиғасы болған жерден Баянауыл аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне ауыр халдегі екі ер адамды жеткізді.

Кезекші дәрігер қарап-тексергеннен кейін қарқынды терапия палатасына емдеуге жатқызылды.

Аудандық ауруханада бейінді мамандардың, жабдықтардың жоқтығын ескере отырып, сол күні орнында операция жүргізу және ықтимал тасымалдау үшін құрамында травматолог, реаниматолог дәрігерлері және мейіргерлер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы шақырылды.

Бір пациентті медициналық авиация бортымен сыртқы бекіту аппараты салынғаннан кейін Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасына тасымалдады. Екінші пациентке операция жасалынып, жай-күйі тұрақтанғанша аудандық ауруханада қалдырылды.

FaLang translation system by Faboba