fbpx

KZ

2022 жылғы 17 сәуірде жедел медициналық жәрдем бригадалары Құрманғазы аудандық ауруханасының хирургиялық стационарына дененің термиялық күйігі бар, үлкен зақымдау алаңы бар 3 адамды жеткізді.

Тұрмыстық жарақат – пеш жарылған. Пациенттердің жалпы жай-күйі күйік шокінің салдарынан ауыр.

Облыстық медицина мамандарымен телефон арқылы консультация өткізілді, оның нәтижесінде жарақаттану сипатын, аудандық ауруханада реаниматолог, комбустиолог, реанимация палатасының жоқтығын ескере отырып, зардап шеккендердің жай-күйі тұрақтанғаннан кейін реанимация бөлімшесінде одан әрі қарқынды терапия үшін пациенттерді медициналық авиация желісі бойынша облыстық ауруханаға тасымалдауды ұйымдастыру ұсынылды.

18 сәуірде пациенттер мамандандырылған көмек алу үшін медициналық авиациямен Атырау қаласының ауруханаларына жеткізілді.

Құрметті оқырмандар, барлық күйіктер біздің назар аудармауымыздан туындайды. Есіңізде болсын: кез-келген күйік болған жағдайда дереу дәрігердің кеңесі қажет! Күйік кезінде бәрі — зақымдану дәрежесі мен ауданы, зардап шегушінің жасы, қатар жүретін аурулар, жарақат алған жағдайлары маңызды. Өзіңізге және жақындарыңызға абай болыңыз!

FaLang translation system by Faboba