fbpx

KZ

 

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.      

                                      

Басқарма Төрағасы Баянбаев А. С., "Нұр Отан" партиясы "Бірлік" филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш. Ш. Қожахметов құттықтау сөз сөйледі.

Тәуелсіздік күні қарсаңында орталық қызметкерлері "Шапағат", "Халық алғысы" медальдарымен, "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медалімен, "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін", "Үздік қызметкер" төсбелгілерімен, , "Nur Otan" партиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

                       

Сондай-ақ, жиын барысында шақырылған спикер Ш.Қожахметов Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында айтқан  «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығының негізгі тұстарын атап өтті. Өз сөзінде ол осы қағидаттар арқылы біз белгіленген мақсаттарға қол жеткізе отырып, тәуелсіздігіміз бен елдігімізді одан әрі нығайта алатынымызды атап өтті.

Жиналыс соңында барлық қатысушыларға еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Менің туым – менің Отаным "атты бейнеролик – челлендж көрсетілді.

         

FaLang translation system by Faboba