fbpx

KZ

Жедел медициналық жәрдем бригадасы  2021 жылғы 12 қарашада  қандағы глюкоза деңгейінің көтерілуіне, ентігуге, құсуға, температураға, шөлдеуге қатысты шағымдармен 2012 жылы туған баланы Шу орталық аудандық ауруханасына жеткізді.

Қабылдау бөлімшесінде глюкоза деңгейін өлшеу кезінде жоғары көрсеткіш - 32 ммоль/л тіркелді.

Жоғарыда аталған шағымдарды, сондай-ақ жай-күйінің ауырлығын ескере отырып, бала реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Өмір анамнезінен: бала "1 типті қант диабеті" диагнозымен "Д" есебінде тұрады.  Бірнеше рет облыстық балалар ауруханасында емделген.

Баланың жалпы жай-күйі негізгі ауруға, кетоацидозға, дегидратацияға, әл-ауқатына байланысты ауыр.

 Облыс орталығынан қашықтықтың алыстығын, жағдайдың шұғылдығын және баланың инсулинге тәуелділігін назарға ала отырып, 2021 жылғы 13 қарашада медициналық авиация күшімен баланы одан әрі емдеу үшін Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba