fbpx

KZ

2021 жылғы 6 қарашада Степногорск көпбейінді қалалық ауруханасына 2016 жылы туған бала ентігу, тұншығу ұстамалары, әлсіздік, ұйқышылдық шағымдарымен келіп түсті.

 Ауру тарихы деректері бойынша бала өзіне тамақ бояуы салынған қорапты аударып алғаны белгілі, соның салдарынан еріксіз дем ала алмай қалған. Тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты баланың жай-күйі ауыр.

 Теріс динамиканы, өкпедегі инфильтрацияның ұлғаюын ескере отырып, Ақмола облысының көпбейінді облыстық балалар ауруханасының балалар реанимациясы меңгерушісімен телефон арқылы консультация жүргізілді, оның нәтижесінде бетпе-бет консультация және облыстық медициналық мекемеге тасымалдау үшін медициналық авиацияның мобильдік бригадасын  шақыру ұсынылды.

2021 жылғы 8 қарашада балалар реаниматологінің алып жүруімен бала ұшақпен Ақмола облысының Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba