fbpx

KZ

2021 жылғы 26 қазанда Аягөз ауданаралық ауруханасына сол жақ жамбас буынының ауруы, тірек-қимыл қабілетінің бұзылуына шағымданған әйел келіп түсті. Пациенттің айтуынша, тұрмыстық жағдайда жарақат алған –  үйдің ауласында көліктен шыққан кезде құлаған.

Аурухананың қабылдау бөлімшесінде травматолог тексеріп-қарап шығып, «сол жақ сан сүйегінің кіші ұршықты үзіп жабық сынуы» диагнозымен хирургиялық бөлімшеге емдеуге жатқызылды. Алған жарақатына байланысты пациенттің жалпы жай-күйі ауыр дәрежелі.

Консилиум, сондай - ақ медициналық авиация желісі бойынша травматолог-дәрігердің консультациясы өткізілді, нәтижесінде Семей қаласының Жедел медициналық жәрдем ауруханасына авиатасымалдау ұсынылды.

2021 жылғы 4 қарашада пациент реаниматологтің алып жүруімен бейінді клиникаға жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba