fbpx

KZ

2021 жылғы 2 қарашада бас айналу, бас ауруы  шағымдарымен Успен аудандық ауруханасының қабылдау бөлімшесіне учаскелік терапевттің жолдамасы бойынша 1956 жылы туған ер адам келіп түсті. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін терапевтік бөлімшеге емдеуге жатқызылды. 3 қарашада пациенттің жай-күйі күрт нашарлады  - бет асимметриясы, сөйлеудің баяулауы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы пайда болды.

 Жалпы ми синдромы салдарынан пациенттің жалпы жай-күйі ауыр дәрежелі. Телефон арқылы медициналық авиация желісі бойынша неврологпен консультация жүргізілді, инсульт бөлімшесіне емдеуге жатқызу ұсынылды.

Жай-күйінің ауырлығын, жағдайдың жеделдігін ескере отырып, 2021 жылғы 3 қарашада медициналық авиация бортымен пациент реаниматологтың алып жүруімен Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасының инсульт бөлімшесіне жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba