fbpx

KZ

Мен Цай Игорьдің анасы, Цай Роза Михайловна менің ұлымды Корея Республикасынан Қазақстанға тасымалдауды ұйымдастыруда көмек көрсеткендері үшін ҚР-ның Корея Республикасындағы елшілігіне, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне, Алматы қаласындағы ҰШМҮО-на алғысымды білдіремін. Менің ұлым Цай Игорь 2021 жылғы 31 шілдеде Чунгбук ұлттық университеттік ауруханасына ауыр жағдайда, ми инфарктісі диагнозымен түсті. Бір айдан соң бізге ауруханадан қоңырау шалып, маған емделгені үшін ақша төлеу қажеттігін айтты, бірақ менде ондай қаражат жоқ. Менің жасым 78-де, мен ең төменгі зейнетақы аламын. Біз Алматы қаласындағы Корея елшілігіне жүгіндік, бізді карантинге байланысты қабылдаған жоқ. Бірнеше күннен кейін Чунгбук ауруханасынан аудармашы Виктория хабарласып, бізге ауруханаға өтініш жазу қажеттігін айтты, бұдан әрі бізге тасымалдауда көмек көрсетілді, осы үшін мен Сіздердің барлықтарыңызға алғыс айтып, басымды иемін.

Цай Роза Михайловна.

FaLang translation system by Faboba