fbpx

KZ

 

1948 жылы туған пациент Домодедово Орталық қалалық ауруханасының травматология бөлімшесінде стационарлық емделуде болды.

2021 жылғы 21 қыркүйекте жарақат алған - Домодедово әуежайында құлаған, жедел медициналық жәрдем бригадасымен аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілді, оны травматолог дәрігер қарап-тексерді, клиникалық-рентгенологиялық зерттеулерге сәйкес травматология бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Медициналық мамандар пациентке «Сол жақ сан сүйегінің ығысуымен жабық тұрақсыз сынуы, шынтақ өсінінің жабық сынуы, аяқ тамырларының тромбозы» диагнозын қойды.

Сүйек жарақатын жою бойынша операция жасалды.

Тұрғылықты жері бойынша одан әрі емделу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 13 қазанда медициналық авиация желісі бойынша Қазақстан Республикасының азаматшасын Алматы қаласына тасымалдауды ұйымдастырды.

Тасымалдауға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен Сыртқы істер министрлігі қолдау көрсетті.

FaLang translation system by Faboba