fbpx

KZ

Алматы облысы Алакөл ауданы орталық аудандық ауруханасының перзентхана бөлімшесінде 2021 жылғы 9 қазанда шала туған егіз бала дүниеге келді.  Оперблокта алғашқы реанимациялық шаралар жүргізілді. Жалпы жай-күйі тұрақтанғаннан кейін балалар жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапия палатасына ауыстырылды.

Жетілмегендікке және тыныс алу жеткіліксіздігі синдромына байланысты балалардың жай-күйі ауыр дәрежелі.

 Балаларды қарап-тексеру және зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша ауданның медициналық мамандары егіздердің бірі оттегіге тәуелді екенін ескере отырып, облыстық мамандармен телефон арқылы консультация ұйымдастырылды, одан әрі емдеу және күтім жасау үшін Талдықорған қаласының Облыстық перинаталдық орталығына балаларды тасымалдау ұсынылды.

11 қазанда құрамында неонатолог дәрігер және фельдшер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы Талдықорған қаласына жаңа туған нәрестелерді тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba