fbpx

KZ

Қазақстан Республикасының 1987 жылы туған азаматы Грузияның Тбилиси қаласындағы "New hospitals" клиникасында стационарлық емделуде болды.

2021 жылдың 28 тамызында жедел жәрдем бригадасы жол-көлік оқиғасы болған жерден ауруханаға жай-күйі ауыр, ес-түссіз күйде жеткізілген. Клиникаға түскеннен кейін бірден адамның өмірлік көрсеткіштері бойынша интубация жүргізілді, пациент басқарылатын тыныс алуға ауыстырылды.

Куәгерлердің айтуынша, ер адамды басып кеткен. Қарап-тексерулерден кейін пациентте политравма, мидың шайқалуы және қан кетуі, қабырғалардың бірнеше жерден сынуы, гемопневмоторакс, аяқтың жарақаттары, травматикалық шок диагнозы қойылған. 

Пациенттің жалпы ауыр бейсаналық жай-күйін, үнемі өкпені жасанды желдетуге қосылуын ескере отырып, медициналық мамандар белгіленген рәсімдер шеңберінде ҚР азаматын – пациентті одан әрі емдеу үшін отанына медициналық авиация желісі бойынша тасымалдау мүмкіндігі туралы мәселені қарады.

Осыған байланысты Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы әуе кемесінің ұшуын ұйымдастырды. Жол бойы ер адам медициналық қызметкерлердің үздіксіз бақылауымен өкпені жасанды желдету аппаратында болды. 29 қыркүйекте пациент академик Н.Д. Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығына жеткізілді.

Тасымалдауға Қазақстан Республикасының Грузиядағы елшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен сыртқы істер министрлігі көмек көрсетті.

FaLang translation system by Faboba