fbpx

KZ

Бронх-өкпе дисплазиясымен ауыратын сегіз айлық бала Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына жеткізілді

2021 жылғы 12 қыркүйекте Қарағанды облыстық балалар клиникалық ауруханасына булықпа жөтелі, ентігуі бар 2021 жылы туған бала емдеуге жатқызылды.

Баланың жай-күйі бронх обструктивті синдромына, тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты ауыр.

Өмірдің анамнезін - шала туылуды, бронх-өкпе дисплазияны, тұрақты оттегіге тәуелділікті ескере отырып, сондай-ақ диагнозды верификациялау және емдеудің одан әрі тактикасын анықтау мақсатында 27 қыркүйекте медициналық авиация бортымен кішкентай пациент Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының медицина мамандарына жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba