fbpx

KZ

Жүктіліктің 34-ші аптасындағы жүкті әйелді Павлодар қ. облыстық перинаталдық орталығына шұғыл тасымалдады

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде Ертіс аудандық ауруханасында жүктілігі бойынша жоспарлы қарап-тексеру кезінде әйел жалпы әлсіздікке, аяқтарының ісінуіне шағым жасаған. Қарап-тексеру кезінде жоғары қан қысымы тіркелді. Медициналық көмек көрсетілді, акушер-гинекологтың сүйемелдеуімен жүкті әйел қарқынды терапия палатасына жеткізілді.

Сол күні егіздер мен әйелдерді құтқару үшін медициналық авиация борты көтерілді. Ауыр дәрежедегі преэклампсиямен және облыс орталығының алыстығымен шарттасқан әйелдің жалпы жағдайын ескере отырып, реаниматолог, гинеколог және мейіргердің алып жүруімен бейінді стационарға сәтті тасымалдау орын алды, онда оған мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін болады.

FaLang translation system by Faboba