fbpx

KZ

Медициналық авиацияның мобильдік бригадасы жүрек ақауы бар жаңа туған нәрестені Ақтаудан Нұр-Сұлтанға жеткізді

2021 жылғы 20 тамызда Маңғыстау облысының Облыстық перинаталдық орталығында салыстырмалы түрде қанағаттанарлық жай-күйде бала дүниеге келді.

Өмірінің алғашқы күнінде балада сылбырлық, сырылы бар тыныс алу байқалған. Зерттеп-тексеру жүргізілді, сатурацияның төмендеуі, аяқ-қолдардың дірілі анықталды.

Бұрын құрсақта туа біткен жүрек ақауы анықталғанын ескере отырып, бала жаңа туған нәрестелер реанимациясына ауыстырылды.

Медициналық мамандармен консультациялар жүргізілді, республикалық деңгейдегі клиника жағдайында баланы жедел емдеу ұсынылды.

1 қыркүйекте балалар кардиореаниматологімен бірге баланы медициналық авиация бортымен Ұлттық ғылыми медициналық орталықтың балалар кардиохирургиялық бөлімшесіне тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba