fbpx

KZ

Медициналық авиация бортымен екі пациентті Балқаштан Қарағандыға тасымалдады

Пациенттердің бірі - жедел трансмуралды миокард инфарктісі диагнозы қойылған ер адам. Балқаш қаласының орталық ауруханасына 2021 жылдың 24 тамызында жүрек тұсының қатты ауыруы, суық жабысқақ тер туралы шағыммен түскен. Шұғыл түрде қабылдау бөлімшесінен өтіп, жансақтау бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Шұғыл коронарография жүргізу қажеттілігіне байланысты 26 тамызда пациент Қарағанды қаласының № 2 көпсалалы ауруханасына тасымалданды.

Осы бортпен тұрмыстық жарақат алған әйел тасымалданды. 25 тамызда жедел медициналық жәрдем бригадасы Балқаш қаласының орталық ауруханасына жеткізіліп, жағдайының ауырлығына байланысты "Аралас жарақат. Қабырғалардың көптеген сынықтары, ашық жамбас сынығы, травматикалық шок" диагнозымен реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Мамандандырылған бөлімшеде жедел емдеу қажеттілігін ескере отырып, пациент проф. Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді аурухананың травматологиялық бөліміне тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba