fbpx

KZ

Жаңа туған баланы өмірінің бірінші тәулігінде Өскемен қаласындағы клиникаға тікұшақпен жеткізді

Риддер қалалық ауруханасының перзентхана бөлімшесінде 2021 жылғы 24 тамызда жүктіліктің 31 аптасында әйел шала туған сәбиді дүниеге әкелді. Жаңа туған нәрестені қарап-тексеру кезінде респираторлық дистресс- синдромы анықталды. Тыныс алу бұзылыстарының, ағзалар мен жүйелердің жетілмегендігінің салдарынан жалпы жағдайы ауыр.

Бас облыстық неонатологпен телефон арқылы консультациясы ұйымдастырылды, оларға өмірлік көрсеткіштерді бақылау, оттегі терапиясы және баланы медициналық авиация желісі бойынша Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тасымалдау ұсынылды.

Баланың оттегіне тәуелділігін ескере отырып, 25 тамызда баланы одан әрі емдеу және күту кезеңі үшін тікұшақпен неонатолог дәрігердің еріп жүруімен Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba