fbpx

KZ

Екі күндік бала Павлодар облыстық перинаталдық орталығына шұғыл тасымалданды

2021 жылғы 21 тамызда Екібастұз қалалық ауруханасында бала дүниеге келді. Перзентханадан қызғылт қан құсу туралы шағымдарды ескере отырып, кішкентай пациент қарқынды терапия палатасына ауыстырылды, онда медицина мамандары балада апноэ эпизодын тіркеді. Баланы интубацияға ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Жүргізілген зерттеп-қараудан кейін балаға "Жаңа туған нәрестелердің геморрагиялық ауруы, өкпеден қан кету" диагнозы қойылды.

Одан әрі емдеу және зерттеп-қарау мақсатында, сәбидің өкпені жасанды желдетуде аппаратында тұрғанын және тыныс алу бұзылыстары мен жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі бар екенін ескере отырып, 23 тамызда бала медициналық авиация бортымен Павлодар облыстық перинаталдық орталығына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba