fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Туа біткен жүрек ақауы бар бала елорда клиникасына тасымалданды.

2021 жылғы 7 тамызда Тараз қаласындағы Көпбейінді қалалық ауруханада егіздердің бірі, шала туған сәби дүниеге келді. Бала туылғаннан 30 минуттан кейін тыныс алу бұзылыстары байқалды, бала реанимация бөлімшесіне ауыстырылды, тыныс алуды қолдауға алынды. Тыныс алудың бұзылуына, ағзалар мен жүйелердің жетілмегендігіне байланысты баланың жағдайы ауыр.

Балаға қажетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілді, содан кейін туа біткен жүрек ауруы анықталды.

Өмірлік көрсеткіштері бойынша жедел емдеу қажеттілігіне байланысты 22 тамызда бала медициналық авиация бортымен балалар кардиореаниматологының алып жүруімен Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына тасымалданды, онда оған жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетіледі.