fbpx

KZ

Жүктіліктің 38-ші аптасындағы жүкті әйел Қызылорда облыстық көпсалалы ауруханасына шұғыл тасымалданды

2021 жылғы 18 тамызда кешке ес-түссіз күйде Арал ауданаралық ауруханасына жүкті әйел жеткізілді. Жағдайдың ауырлығына байланысты шағымдар болған жоқ. Күйеуінің айтуы бойынша, әйелінің жай-күйі душ қабылдағаннан кейін күрт нашарлады, бас ауруы, оң аяғындағы әлсіздік пайда болды, әйел сөйлей алмай қалды.

Қабылдау бөлмесінде әйелді медициналық мамандар қарап-тексерді, жағдайының ауырлығы бойынша шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне ауыстырылды. Ми қан айналымының жедел бұзылуы диагнозы қойылған.

19 тамызда шұғыл түрде Ұлттық нейрохирургия орталығының нейрохирургімен, сондай-ақ Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының мамандарымен телемедициналық консультация жүргізілді, мидың шұғыл КТ-н жүргізу үшін шұғыл тасымалдау ұсынылды.

Сол күні ұрықты және әйелді құтқару үшін медициналық авиация борты көтерілді. Құрамында реаниматолог бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы әйелді бейінді стационарға аман-есен тасымалдады, онда оған мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba