fbpx

KZ

Биіктен құлаған ер адамды медициналық авиация бортымен Павлодар қаласының қалалық ауруханасына жеткізді.

2021 жылғы 16 тамызда Ертіс аудандық ауруханасына жедел медициналық жәрдем бригадасы жөндеу жүргізу кезінде үйінің төбесінен құлаған ер адамды жеткізді.

Қабылдау бөлмесінде хирург қарады, омыртқаның рентгенографиясы жасалды, бел омыртқасының қысылып сынуы анықталды.

Пациенттің жалпы жай-күйі жарақат пен ауыр ауырсыну синдромына байланысты ауыр.

Бейінді нейрохирургиялық бөлімшеде одан әрі емдеу қажеттілігін, сондай –ақ аудандық ауруханада нейрохирургтың болмауын назарға ала отырып, жолдардың нашар жағдайына байланысты автокөлікпен тасымалдау кезінде жағдайдың ықтимал нашарлауын болдырмау үшін 18 тамызда медициналық авиация бортымен пациент Павлодар қаласының № 1 қалалық ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba