fbpx

KZ

Ауыр преэклампсиясы бар жүкті әйелді Павлодар қаласының Облыстық перинаталдық орталығына тасымалдады.

Әйелдер консультациясының учаскелік дәрігерінің жолдамасы бойынша қан қысымының көтерілуіне, ісінуге шағымдары бар жүктіліктің 33-аптасындағы әйел 16 тамызда  жедел медициналық жәрдем бригадасымен Екібастұз қаласының перзентханасына шұғыл түрде жеткізілді.

Пациенттің жай-күйі прекелампсияға байланысты ауыр.

17 тамызда пациенттің жай-күйін, сондай - ақ босануда қан кетудің жоғары қаупін, дене салмағы төмен шала туған баланың туылуын ескере отырып, құрамында анестезиолог-реаниматолог және гинеколог дәрігер бар медициналық авиация желісі бойынша борттың ұшуы ұйымдастырылды, жүкті әйел Павлодар қаласының Облыстық перинаталдық орталығына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba