fbpx

KZ

2 реаниматолог әйелді Тараз қаласының ауруханасына тасымалдады.

Шу қалалық ауруханасына 9 тамызда жедел медициналық жәрдем бригадасымен бел аумағының және іштің төменгі жағының ауырсыну шағымдарымен,жөтел, дене қызуының жоғарылауымен жүкті әйел жеткізілді

11 тамызда пациентке кесарь тілігі жасалды, ұл бала дүниеге келді.

15 тамызда пациенттің жай-күйі нашарлады, әйел реанимация бөлімшесіне ауыстырылды. Әйелге екі жақты ауыр дәрежелі полисегментарлы пневмония диагноз қойылды. Пациентті медициналық авиация желісі бойынша дәрігер реаниматолог қарап-тексерді және пациенттің жай-күйінің динамикада жақсармағанын, тыныс алу жеткіліксіздігің есебінен ауыр болып қалады, төмен сатурацияны және интоксикация белгілерін ескере отырып, пациентті Тараз қаласындағы Көпбейінді қалалық ауруханаға тасымалдау үшін қажетті жабдықтармен борт шақыру ұсынылды.

2021 жылғы 16 тамызда құрамында 2 реаниматолог бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы әйелді тікұшақпен Тараз қаласындағы ауруханаға тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba