fbpx

KZ

Павлодар облыстық балалар ауруханасына 7 жасар бала ұшақпен жеткізілді

2021 жылғы 12 тамызда Екібастұз қалалық ауруханасына тұрмыстық жарақат алуына – байқаусызда улы зат ішуіне байланысты жеті жасар қыз келіп түсті. Жай-күйінің ауырлығына байланысты шұғыл түрде реанимация бөліміне емдеуге жатқызылды.

Ащы күйдіргіш затпен улану салдарынан баланың жай-күйі ауыр, денсаулығы бұзылған. Екібастұз қаласының ауруханасында медициналық көмек көрсетілді.

Жағдайдың шұғылдығын ескере отырып, сол күні бала реаниматологтің алып жүруімен шұғыл түрде мамандандырылған медициналық көмек алу үшін Павлодар облыстық балалар ауруханасына ұшақпен жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba