fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

Ауыр халдегі екі адам Балқаштан Қарағандыға тасымалданды

Бірінші пациент - жүкті әйел, Балқаш қаласының орталық ауруханасында жүрек ырғағының бұзылуымен стационарлық емделуде болды.

Әйелдің жүктіліктің 37-ші аптасында екенін, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясына байланысты жүрек қызметінің бұзылу қаупінің жоғары екенін ескере отырып, одан әрі емдеу және босандыру үшін 10 тамызда пациентті Қарағанды облыстық перинаталдық орталығына тасымалдады.

Медициналық авиацияның арнайы бортының екінші пациенті Балқаш қаласының орталық ауруханасында "Мойын омыртқасының көптеген сынуы"диагнозымен емделген 27 жастағы ер адам. Шұғыл оперативтік ем жүргізу қажеттілігіне байланысты пациент профессор Мақажанов атындағы Қарағанды көпбейінді ауруханасына тасымалданды.