fbpx

KZ

Денесінде күйігі бар бала Өскемен қаласының клиникасына жеткізілді

2021 жылғы 7 тамызда Риддер қалалық ауруханасына дененің термиялық күйігімен бір жасар бала келіп түсті. Тұрмыста жарақат алған.

Баланың жалпы жай-күйі үлкен аймақ пен күйік тереңдігіне байланысты ауыр. Күйікке қарсы терапия жүргізілді.

Баланың жай-күйінің ауырлығын, ауруханада комбустиолог пен балалар реаниматологының болмауын, сондай-ақ маршрутта таулы жерлердің болуын назарға ала отырып, 9 тамызда медициналық авиация күшімен бала Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына жеткізілді.

 

FaLang translation system by Faboba