fbpx

KZ

Шала туылған нәрестені Атырау облыстық перинаталдық орталығына тасымалдады

2021 жылғы 8 тамызда Құрманғазы аудандық орталық ауруханасында  шала туған бала дүниеге келді. Баланың жай-күйі толық жетілмегендіктен өте ауыр. Балада ауыр дәрежедегі респираторлық дистресс синдромы анықталды.

Жаңа туған нәрестенің оттегіге тәуелділігіне байланысты, сондай-ақ ауданның облыс орталығынан қашықтығын ескере отырып, аудандық дәрігерлер медициналық авиацияның мобильдік бригадасын шақырту туралы шешім қабылдады.

Сол күні құрамында неонатолог дәрігер бар мобильдік бригада аудандық ауруханаға келді және баланы қарап-тексеріп, ұшуға дайындады, күту кезеңінен өту үшін нәрестені тікұшақпен Атырау облыстық перинаталдық орталығына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba