fbpx

KZ

Екі жасар бала медициналық авиация бортымен елордалық клиникаға тасымалданды.

2021 жылғы 30 шілдеде Атырау облыстық балалар ауруханасына мұрыннан қан кету, дене қызуы, ұсақ бөртпе, бүкіл дененің көгеруі, аңқадағы бөртпе шағымдарымен бала келіп түсті. Жағдайының ауырлығын ескере отырып, ол педиатрия бөлімшесіне емдеуге жатқызылды. Оған қан ауруы диагнозы қойылды.

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкогематологиялық блогының басшысымен телефон арқылы консультация өткізілді, медициналық авиация желісі бойынша осы клиникаға ауыстыру ұсынылды.

3 тамызда геморрагиялық синдромның, тромбоцитопенияның даму қаупін ескере отырып, одан әрі зерттеп-қарау және емдеу үшін бала Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының онкология бөлімшесіне ұшақпен тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba