fbpx

KZ

Қордай аудандық орталық ауруханасына 2021 жылдың 24 шілдесінде 11 жасар бала ауыр халде түсті. Қабылдау бөлімшесіне түскен кезінде бөртпе, дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, қатты әлсіздік, зәр түсінің өзгеруі туралы шағымдар айтқан. Пациентте бүйрек қабынуы синдромы, қанның ұю жүйесіндегі бұзылулар, тромбоцитопения анықталған зерттеп-тексерулер жүргізілді.

Бала интоксикация, бүйрек патологиясы, геморрагиялық синдромның ауыр белгілері салдарынан жай-күйінің ауырлығына байланысты реанимация бөліміне емдеуге жатқызылды.

26 шілдеде бала мамандандырылған бөлімшеде ем алу үшін реаниматологінің алып жүруімен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba