fbpx

KZ

Егіз туылған нәрестелер дүние есігін ашқан алғашқы күні Семей қаласының перинаталдық орталығына жеткізілді

2021 жылдың 24 шілдесінде Шығыс қазақстан облысы Үржар ауданының № 2 аудандық ауруханасында шала туған егіз нәресте дүниеге келді.

Шала туылуына және тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты нәрестелердің жай-күйі ауыр. Сәбилерді  қарап-тексеру және зерттеп-қарау нәтижелері бойынша ауданның медициналық мамандары жетекшілік ететін реаниматолог – неонатологпен телефон арқылы бейне консультация  ұйымдастырды, одан әрі емдеу және күтім жасау үшін нәрестелерді Семей қаласының перинаталдық орталығына тасымалдау ұсынылды.

25 шілдеде құрамында неонатолог - реаниматолог дәрігер және екі фельдшер бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасы жаңа туған нәрестелерді Семей қаласына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba