fbpx

KZ

Екібастұз қалалық перзентханасында 2021 жылғы 5 шілдеде 32 апта жүктілік мерзімінде шала туған сәби дүниеге келді. Тыныс алудың бұзылуы және микроциркуляцияның бұзылуы, одан әрі төмендеуі салдарынан баланың жалпы жағдайы ауыр.

Бала стационарда болған кезде, қосымша зерттеп-қарау кезінде нәрестеде туа біткен жүрек ақауы анықталды.

Оттегіге тәуелді, тыныс алу бұзылыстарымен негізделген шала туған баланың ауыр жағдайына байланысты 22 шілдеде кішкентай пациент Павлодар қаласының Облыстық перинаталдық орталығына ұшақпен тасымалданды, онда оған медициналық көмектің толық спектірі көрсетіледі.

FaLang translation system by Faboba