fbpx

KZ

 

2021 жылғы 13 шілдеде Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы орталық аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінің стационарына дене қызуының көтерілуі, құсу, тәбетінің төмендеуі, сұйық нәжіс, әлсіздік шағымымен 2020 жылы туған бала келіп түсті.

Балаға: "Ауыр сусыздану және қан ұюының бұзылу белгілері бар ауыр нысандағы жіті ішек инфекциясы" диагнозы қойылған.

Облыстық инфекционистпен, реаниматолог-инфекционистпен телефон арқылы консультациялар өткізілді, бетпе-бет консультация және пациентті облыстық медициналық мекемеге одан әрі тасымалдау ұсынылды.

18 шілдеде аудандық ауруханаға балалар реаниматологі және балалар инфекционисті келіп, бетпе-бет консультация өткізгеннен кейін баланы Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасына жеткізді, онда балаға мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін болады.

FaLang translation system by Faboba