fbpx

KZ

2021 жылғы 11 шілдеде өңірлік медициналық авиацияның мобильдік бригадасы 1993 жылы туған ер адамды тасымалдау үшін Тараз – Жаңатас - Тараз бағыты бойынша ұшып шықты.  

Пациент 9 шілдеде аса ауыр жай-күйде жедел медициналық жәрдем бригадасымен жол - көлік оқиғасы болған жерден Жамбыл облысы Сарысу аудандық орталық ауруханасына  жеткізілді. Қабылдау бөлімшесінде медициналық мамандар қарап-тексеріп, шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне "жабық бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы"диагнозымен емдеуге жатқызылды.

Компьютерлік томография жүргізу қажеттілігіне байланысты, сондай-ақ бейінді нейрохирург маман болмағандықтан, 2021 жылғы 11 шілдеде  мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін пациент Тараз қаласының қалалық көп бейінді ауруханасына тікұшақпен тасымалданды.

FaLang translation system by Faboba