fbpx

KZ

2021 жылғы 6 шілдеде Атырау облысы Миялы ауылындағы Қызылқоға аудандық орталық ауруханасының кардиология бөлімшесіне 1961 жылы туған ер адам келіп түсті. Сол күні таңертең қатты ауырған. Ауруханаға жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Анамнезінде - 2020 жылы жіті миокард инфарктімен ауырған.

Қарап-тексеру мен зерттеп-қараудан кейін ер адамға "Жіті коронарлық синдром" диагнозы қойылды.

2021 жылғы 7 шілдеде пациент шұғыл коронароангиография  жүргізу үшін медициналық авиация күшімен реаниматологтің алып жүруімен Атырау облыстық кардиологиялық орталығына тасымалданды.

Жіті коронарлық синдромға күдік туындаған кезде алғашқы көмек және міндетті түрде емдеуге жатқызу қолайлы нәтиже үшін және одан әрі асқынуларды болдырмау үшін шешуші жағдайлар болып табылатынын айта кету керек.

Сондай-ақ, тамырлы зақымданудың алғашқы алдын-алу шаралары өте тиімді екендігіне назар аударыңыз. Оған қан қысымын, холестерин мен қандағы қант деңгейін, дене салмағын, салауатты өмір салтын үнемі бақылау : темекі шегу мен алкогольден бас тарту, жеткілікті физикалық белсенділік, майлы тағамдарды шектеу арқылы дұрыс тамақтану және диетаға жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, балықты қосу кіреді. Осы ұсыныстарды орындау тамыр аурулары қаупін азайтуға көмектеседі.

FaLang translation system by Faboba