fbpx

KZ

2021 жылғы 6 шілдеде жедел медициналық жәрдем бригадасы 1942 жылы туған ауыр халдегі ер адамды Павлодар облысы Тереңкөл ауданының ауруханасына   жеткізді.

Қабылдау кезінде ол самай аймағында басының ауруы, сөйлеуінің қиындауы, сол жақ аяқ қозғалысының шектелгені туралы шағымдар жасады. Қабылдау бөлімшесінде медициналық мамандар қарап-тексерді, "Ми қан айналымының жіті бұзылуы, сол жақ гемипарез" диагнозымен стационарға емдеуге жатқызылды.

Жағдайдың шұғылдығын, сондай-ақ аудандық ауруханада жабдықтар мен бейінді мамандардың жоқтығын назарға ала отырып, сол күні медициналық авиацияның мобильдік бригадасы пациентті одан әрі емдеу және диагностикалау үшін Павлодар қаласының № 3 қалалық ауруханасына тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba