fbpx

KZ

2021 жылғы 28 маусымда Семей қаласының Облыстық перинаталдық орталығында 35 апта жүктілік мерзімінде шала туған нәресте дүниеге келді.

Медициналық мамандар балаға асқазан-ішек жолдарының туа біткен ақаулары диагнозын қойды. Бала өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, ақаудың дамуына, іш қуысында кистоздық түзілудің салдарынан жай-күйі ауыр.

30 маусымда Алматы қаласының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының мамандарымен телемедициналық консультация жүргізілді, оған операциялық араласу үшін баланы медициналық авиация желісі бойынша республикалық клиникаға ауыстыру ұсынылды.

2021 жылғы 1 шілдеде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Алматы қаласындағы Өкілдігі кішкентай пациентті Семей қаласының Облыстық перинаталдық орталығынан Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына әуе тасымалдауын жүзеге асырды.

FaLang translation system by Faboba