fbpx
103
НКЦЭМ

Национальный координационный центр экстренной медицины

© НКЦЭМ — Национальный координационный центр экстренной медицины Скорая помощь: 103

2021 жылғы 1 шілдеде Өскемен – Күршім - Өскемен бағыты бойынша жаңа туған нәрестеге медициналық авиацияның мобильдік бригадасының өңірлік ұшуы орындалды.

Нәресте жүктіліктің 31 аптасында Күршім ауданының аудандық ауруханасында дүниеге келген. Тыныс алудың бұзылуына байланысты баланың жай-күйі ауыр. Балаға "Жаңа туған нәрестенің респираторлық дистресс синдромы" диагнозы қойылды.

Консилиум ұйымдастырылып, облыстық бас неонатолог дәрігермен консультация өткізілді, оның қорытындысы бойынша кішкентай пациентті Өскемен қаласының Ана мен бала орталығына шұғыл ауыстыру ұсынылды.

Сол күні баланы тікұшақпен тексеріп-қараудан және күтімнің одан әрі кезеңінен өтетін Ана мен бала орталығына тасымалдады.