fbpx

KZ

Ағымдағы жылдың 24 маусымында сағат 12:37-де Түркістан қаласындағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының Сall-орталығына Президенттік парк қызметкерлерінен шақырту келіп түсті, олар жергілікті парктің су қоймасынан 12 жастағы бала табылғанын хабарлады. 9 минуттан кейін дәрігерлер шақыру орнында болды. Бала ес-түссіз күйде болды, дәрігерлер суға батқан балаға шұғыл медициналық көмек көрсетуге кірісті: арқасымен жатқызып пульсі мен жарыққа реакциясын тексерілді, ЖМЖ қызметкерлерінің бірінің тізесіне зардап шегушіні еңкейтіп қойып ішін және кеудесін қысу арқылы асқазан мен тыныс алу жолдарынан суды шығарылды, маска арқылы 30 минут ішінде оттегі берілді және жасөспірімді шұғыл түрде зембілмен Түркістан қаласының қалалық балалар ауруханасына одан әрі қарап-тексеру үшін жеткізілді. Жағдайды нақтылау кезінде, куәгерлердің айтуынша, су қоймасының жанында серуендеу кезінде жасөспірім су қоймасына абайсызда құлаған, оны судан алып шығуға саябақтың қызметкерлері көмекке келген.

FaLang translation system by Faboba