fbpx

KZ

2020 жылғы 12 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы базасында ҚР Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың қатысуымен ҚР жедел медициналық көмек қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі Халықаралық сараптау тобының кеңесі өтті.

Кеңес жұмысына Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының басшысы Б. Оспанов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай - ақ Халықаралық сараптау тобының мүшелері-Назарбаев Университетінің Медицина департаментінің профессорлары Абдужаппар Гаипов және Антанас Гүлбинас, Қазақстандағы АҚШ елшілігінің медициналық атташесі Кейтлин Хорсли және «KazMedConsult» ЖШС директоры Кевин Фрик қатысты.

Кеңесте атап өтілгендей, соңғы жылдары елімізде шұғыл медициналық көмек көрсетуді жаңғырту бойынша елеулі қадамдар жасалды, бүгінде оларды енгізудің оң нәтижелерін көруге мүмкіндік беретін бірқатар реформалар жүргізілді.

103 қызметі және стационарлардың қабылдау бөлімшелері қызметінің қорытындылары бойынша негізгі мәселелер тыңдалды, қазіргі проблемалық сәттер аталды және шешу жолдары талқыланды.

Шұғыл медициналық көмек мамандарын даярлау сапасын арттыруға, соның ішінде озық халықаралық тәжірибеге сәйкес үлкен көңіл бөлінді.

Кеңес қорытындысы бойынша халықаралық сарапшылар тиісті ұсынымдар берді, олардың негізінде қызметтің негізгі міндеттері мен алдағы жұмысының бағыттары анықталды.

FaLang translation system by Faboba