fbpx

KZ

1992 жылы туған қыз 2021 жылдың 15 маусымынан бастап Есіл аудандық ауруханасының терапевтік бөлімінің күндізгі стационарында "Миастения, титомамен жалпыланған түрі" диагнозымен емделуден өтті. 18 маусымда пациенттің жай-күйі аурудың ең қатты деңгейіне дейін нашарлады, осыған байланысты жедел жәрдем үйге шақырылып, қызды ауруханаға жеткізді. Қабылдау бөлімшесінде пациентті невропатолог, реаниматолог қарап-тексерді, аурудың жіті клиникасын ескере отырып, қарқынды терапия палатасына шұғыл түрде емдеуге жатқызылды.

Миастения - бұл адамның нервтері мен бұлшық еттеріне әсер ететін аурудың ауыр түрі. Ол созылмалы және уақыт өте келе дамиды. Бастапқы кезеңнің белгілері: жалпы шаршау, дикцияның нашарлауы, қабақтың түсуі және көру мәселелері (көзге "қос көрінеді"), шайнау және жұту қиындықтары.

Симптомдар кішкентай күш түсіруден кейін де пайда болады. Аурудың дамуымен клиникалық көрініс белігілі және айқынырақ болады. Мысалы, басында сөйлеудің шамалы өзгеруі байқалса, кейінірек адам сөйлеу мүмкіндігін жоғалтуы мүмкін.

Пациенттің жай-күйі  бұлшықет әлсіздігінің, жұтыну және тыныс алу қиындығының өсуі салдарынан ауыр.

Консилиум өткізіліп, нәтижесінде пациентті медициналық авиация желісі арқылы облыстық медициналық мекемеге ауыстыру қажеттігі туралы шешім қабылданды.

24 маусымда аудандық ауруханада неврологиялық бөлімшенің жоқтығын ескере отырып, қызды реаниматологтің алып жүруімен ұшақпен Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық аурухананың неврологиялық бөлімшесіне тасымалдады.

FaLang translation system by Faboba